АртқаҚұқықтық ақпарат

Жария оферта


1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл құжат кез келген жеке тұлғаға бағытталған, «EVERY CAR» ЖШС (БСН: 230840032579) (бұдан әрі — bro car) ресми ұсынысы және мұнда көлік қызметтеріне, көлік құралын басқару қызметтеріне, курьерлік қызметке және басқа да қызметтер мен жұмыстарға деген ықтимал сұраныс туралы ақпаратты Пайдаланушыға тегін орналастыруға, ал Серіктеске Пайдаланушы құрған Тапсырыстарды қарауға және орындау үшін оларды қабылдауға мүмкіндік беретін, электрондық есептеуіш машиналар мен деректер базаларына арналған бағдарламалар жиынтығы түріндегі «bro car»сервисі (Бұдан әрі - Сервис) жұмсының елеулі шарттары қамтылған. Пайдаланушының тұрған өңіріне байланысты қолжетімді қызметтер тізбесі өзгеруі мүмкін.

1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 495-бабына сәйкес бұл құжат – жария оферта. Қызметке тапсырыс беру оферта акцепті болады, сондықтан бұл осы құжатта көрсетілген талаптарға сай шарт жасасқанмен тең. Пайдаланушы сервисті қолданбай тұрып, осы оферта мәтінін мұқият оқып шығып, қандай да бір талаппаен келіспесе, Сервисті пайдаланудан бас тартуы керек. Пайдаланушыда Сервисті пайдалану талаптарына қатысты қандай да бір сұрақ немесе күмән болса, Сайттағы сәйкес үлгі арқылы bro car-дың сүйемелдеу қызметіне жүгіну керек және сәйкес түсініктемелер алғанша Сервисті пайдаланбағаны жөн.

1.3. Пайдаланушы осы Талаптарды қабылдаса, бұл 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының № 94-V заңының ережелеріне сәйкес, дербес деректерді өңдеуге келісімін алу қажет болатын жағдайларда Пайдаланушының келісім беретінін де білдіреді. Пайдаланушының дербес деректері Интернет желісіндегі https://bro-car.com/ сайтына орналастырылған, bro car-дың дербес деректерді пайдалану саласындағы саясатына сәйкес өңделеді. bro car дербес деректерді жинау мен өңдеу кезінде 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының № 94-V заңының ережелерін басшылыққа алады.

1.2. Осы талаптар аясында төмендегі терминдер мынадай мәндерде қолданылады.

1.2.1. Қызметтер — Сервис арқылы тапсырыс берілетін, Серіктестер көрсететін қызметтер.

1.2.2. Тапсырыс — жүйе өңдеген, қызмет көрсету туралы өтінім.

1.2.3. Серіктес — Пайдаланушыға өз күшімен қызмет көрсететін тұлға.

1.2.4. Пайдаланушы — Сервис арқылы қызмет көрсетуге өтінім қалдыратын тұлға.

1.2.5. Жеке шот — Пайдаланушының аванстық төлемдері және осы төлемдерден қызмет ақысы ретінде ұсталған (алынған) ақша сомасы тіркелетін шот.

1.2.6. Жеке шоттың балансы — белгілі бір уақытта Жеке шотқа енгізілген және Жеке шоттан алынған ақша сомалары арасындағы айырма.

1.2.7. Жеке кабинет — Пайдаланушы туралы ақпаратты, көрестілген қызметтер көлемі мен Пайдаланушының жеке шотының қазіргі жай-күйі статистикалық ақпаратты, сондай-ақ құрамы мен мазмұнын bro car анықтайтын өзге де ақпаратты қамтитын, bro car сайтындағы бет.

1.2.8. Алдын ала тапсырыс — Пайдаланушы көрсеткен уақытта қызмет көрсету мүмкіндігін көздейтін, 60 минуттан көп уақыт бұрын қабылданатын тапсырыс.

1.2.9. Ағымдағы тапсырыс — «неғұрлым тез» қызмет көрсетуді көздейтін тапсырыс.

1.2.12. Авторизацияланған мобильді қолданба (Мобильді қолданба ) — Пайдаланушының мобильді құрылғысына орнатылатын және Интернет желісі арқылы тапсырыстарды құру процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін, bro car электрондық есептеуіш машиналарына арналған бағдарлама.


2. Сервисті пайдалану тәртібі

2.1. Пайдаланушы Сервис арқылы қызмет көрсетуге өтінімді тегін орналастыра алады. Қызметтердің толық тізбесін Интернет желісіндегі https://bro-car.com/ сайтынан (бұдан әрі — Сайт) немесе Мобильді қолданбадан қарап шығуға болады. bro car өзі Пайдаланушыларға ешбір қызмет көрсетпейді, мұндай қызметтерге қатысты орындаушының құқықтарын және (немесе) міндеттерін өз мойнына алмайды.

2.2 Пайдаланушы Тапсырыс орналастыру кезінде берген ақпараттың мазмұны мен шынайылығына жауап береді. Тапсырысты орналастырған соң Пайдаланушы туралы деректер, сондай-ақ оған қажет қызметтердің сипаты туралы ақпарат Пайдаланушының келісімінсіз өзгертілмейді және редакцияланбайды.

2.3. bro car тапсырысты таңдап, таңдалған тапсырыс бойынша қызмет көрсетуді бастау уақытын көрсетіп, өз таңдауы туралы bro car-ға хабарлаған Серіктеске Тапсырысқа рұқсатты тегін береді. Бұл ретте bro car Серіктеске Тапсырысқа рұқсат беруге ғана кепілдік береді, ал қызмет көрсету үшін жауапкершілік Серіктестің мойнында болады.

2.4. bro car Серіктес қызметті дұрыс көрсетуі үшін қажет барлық ақпаратты көрсете отырып, Қызмет көрсету тәртібі мен сипаттамасы туралы Пайдаланушыны хабардар етеді.

2.5. Сервис арқылы қызмет көрсету туралы алдын ала тапсырыстар жасалуы мүмкін. bro car-дан алдын ала тапсырыс туралы ертерек хабардар болған Серіктес уақытылы қызмет көрсетуге жауапты болады. Бұл ретте қызмет көрсетуге кепілдік берілмейді.

2.6. Осы оферта талаптарымен келіспейтін Пайдаланушыға себебін түсіндірместен, Сервисті пайдалану мүмкіндігін жауып тастауы ықтимал.

2.7. Қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау мақсатында, Пайдаланушымен телефон арқылы тілдесу, оның ішінде Пайдаланушы мен Серіктес арасындағы телефон арқылы тілдесу жазып алынуы мүмкін.

2.8. Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ Пайдаланушы мен Серіктес арасындағы жедел қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Серіктестің Пайдаланушы алдындағы міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны туралы, сондай-ақ Серіктес Пайдаланушы құқығын бұзған өзге жағдайлар туралы bro car-ға хабарлай алады. Мұндай өтінішті электронды кері байланыс сервисі арқылы немесе bro car-дың орналасқан жері бойынша жазбаша түрде bro car-ға жіберуге болады. Бұл жағдайда bro car келіп түскен шағым туралы Серіктесті хабардар етіп, оған Пайдаланушының телефон нөмірі мен шағымның мазмұнын жеткізеді. Пайдаланушы мен Серіктес дауды бұдан әрі bro car-сыз екеуара шешеді. Бұл тармақтың мазмұны bro car залалды заттай немесе ақшалай түрде өтеу, өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді және/немесе осы офертада көрсетілмеген өзге міндеттемелерді өз мойнына алатынын білдірмейді және олай бағаланбауы керек.


3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. bro car-дың міндеттері

1) Тапсырысты Сервис жүйесіне орналастыру, Серіктеске тапсырысты алуға рұқсат беру және тапсырыстың орындалу барысы туралы Пайдаланушыны хабардар ету.

2) Қызмет көрсетуді амалсыздан кідірту жағдайлары туралы Пайдаланушыны хабардар ету.

3) Қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы Пайдаланушыны хабардар ету.

4) Пайдаланушының аванстық төлемдерін оның Жеке шотына уақытылы аудару.

5) Пайдаланушы ұсынатын ақпаратқа санкцияланбаған рұқсат алу және/немесе ол ақпаратты қызмет көрсетуге тікелей қатысы жоқ тұлғаларға беру әрекеттерін уақытылы анықтап, алдын алу.

3.2. Пайдаланушының міндеттері

1) Тапсырысты орындау үшін қажет уақытты ескере отырып, қызметтерге тапсырыс беру.

2) Серіктес тапсырысты дұрыс таңдауы үшін қажет, қызмет көрсетудің елеулі шарттарын көрсету.


4. Пайдаланушы мен Серіктес арасында есеп айырысу

4.1. bro car Пайдаланушыға Сервисті тегін пайдалану мүмкіндігін береді.

4.2. Қызмет көрсеткені үшін есеп айырысу Пайдаланушы мен Серіктес арасында жүреді. bro car қызмет көрсету құны туралы Пайдаланушыны хабардар етеді. Көрсетілген құны Тапсырысты қабылдап алған Серіктес қолданатын тарифтер негізінде есептеледі. Серіктестердің бағаны белгілеуі динамикалық түрде болуы мүмкін және түрлі факторларға (көше-жол желісінің күйі, көлік жүктелімі, тәулік уақыты, жыл мезгілі, қызметке деген сұраныс динамикасы, климаттық жағдайлар т.б.) байланысты болады. Сондықтан, бірдей қызмет түрінің әр түрлі уақыттағы құнында айырмашылық болуы мүмкін. Қызметтің түпкілікті бағасы туралы Пайдаланушыны хабардар ету бұл қызметті bro car көрсетіп жатыр дегенді білдірмейді және олай бағаланбауы керек.

4.3. Көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу түрін Пайдаланушы bro car-сыз өзі анықтайды.

4.4. bro car көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу түрі мен тәртібіне қатысты Пайдаланушыға қандай да бір нұсқау бермейді.

4.5. bro car Пайдаланушыға банк картасын пайдаланып, қызмет үшін қолма-қол ақшасыз төлем жасауға техникалық мүмкіндік береді. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың техникалық мүмкіндігі ғана қамтамасыз етіледі, bro car Пайдаланушының ақшасын қабылдамайды және Серіктестің ақшаны қабылдау жөніндегі агенті қызметін атқармайды.

4.6. Visa, MasterCard төлем жүйелерінің кредит және дебет карталарын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасалады.

4.7. Банк карталарын пайдаланып, Серіктестер қызметін қолма-қол ақшасыз төлей алу үшін (техникалық мүмкіндік болса), Жеке кабинетті тіркеп, банк картасын Пайдаланушының жеке шоты нөміріне байланыстыру қажет.

4.8. Қолма-қол ақшасыз төлеу, төлем жасаудың құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарына сүйене отырып, халықаралық төлем жүйелері қағидаларына сәйкес жүзеге асады. Пайдалнушы ұсынатын деректердің қауіпсіздігі процедуралардың төлем караталары индустриясының деректер қауіпсіздігінің стандарты талаптарына (Payment Card Industry Data Security Standard) сәйкестігімен қамтамасыз етіледі және оларды ешкім ала аламайды. Банк картасының деректері қызметтерге қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігін қаматамасыз ететін эквайер банктің қорғалған төлем жасау бетінде енгізіледі.

4.9. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі растау мақсатында сәйкес қызмет құнының мөлшеріне тең ақшаны Тапсырысты орналастыру сәтінде Пайдаланушының банк картасынан бөліп қоюға болады. Пайдаланушы орналастырған тапсырысты алып тастаған кезде, сондай-ақ Пайдаланушыға қызмет көрсетілмеген басқа жағдайларда бөлінген ақша Пайдаланушының картасына қайтарылады.

4.10. Пайдаланушы сұратқан қызметтер көлемін өзгертсе, оның ішінде Серіктес қызмет көрсетуді бастап қойған кезде өзгертсе, қызмет құны қайта есептелуге тиіс. Пайдаланушы қызмет құнын нақты көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес төлейді.

4.11. Пайдаланушы мен Серіктес көрсетілген қызмет үшін есеп айырысудың осы офертада көрсетілмеген түрін, оның ішінде қолма-қол ақшамен төлеу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа тәсілді қолдану туралы келісуге құқылы.

4.12. Серіктес Пайдаланушыға көрсетілген қосымша қызметтер үшін, оның ішінде мына қызметтер үшін, бірақ бұлармен ғана шектелмей, ақы белгілеуге құқылы: Серіктестің қызметті орындау мүмкіндігін 3 минуттан көп күтуі, ірі габаритті заттарды тасымалдау, т.б. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде тегін күту уақыты көлік нақты келіп, бұл туралы Пайдаланушыны хабардар еткен сәттен бастап есептеледі. Бұл ретте тегін күту уақыты 3 минуттан аз болмауы керек және алдын ала тапсырыс жасалған уақыттан бұрын аяқталмауы керек.

4.13. Серіктес көліктің келіп тұрғаны туралы құлақтандыру жіберген соң Пайдаланушы қызмететн бас тартса, Серіктес тұрақсыздық айыбын белгілеуге құқылы. Пайдаланушы ақылы түрде күтуге келісетіні туралы Серіктесті хабардар етпесе, осы Офертаның 4.12 т. белгіленген тегін күту уақыты аяқталған соң қызметтен бас тартқан боп саналады. Тұрақсыздық айыбының мөлшері қызметтің минималды құнының мөлшеріне және тапсырыс жасалған кезде Серіктес тұрған жерден бастап Пайдаланушы көрсеткен жерге дейінгі қашықтыққа пропорционал түрде есептеледі.

4.14. Серіктес белгілеген қосымша қызметтер құны мен тұрақсыздық айыбының мөлшері туралы Пайдаланушыны Сервис хабардар етеді. Бұл ретте қосымша қызметтер үшін есеп айырысу, тұрақсыздық айыбы Пайдаланушы мен Серіктес келіскен түрде тікелей Серіктеске төленеді.

4.15. Пайдаланушы қызмет құнын төлеу бойынша өз міндеттемесін орындамағаны туралы Серіктес bro car-ға хабарлай алады. Бұл жағдайда bro car берешек туралы Пайдаланушыны хабардар етеді. Пайдаланушының Серіктес алдындағы берешегін өтеу мақсатында, келесі жолы қызметке тапсырыс берген кезде қызмет құнына берешек сомасы қослыуы мүмкін.


5. Қолданылатын құқық. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Осы офертаны орындау аясында тараптардың құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

5.2. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

5.3. үшінші тұлғаларға тиесілі бағдарламалық жасақтаманың немесе жабдықтың ақауы кезінде болған Сервис жұмысындағы толық немесе ішінара іркілістер үшін bro car жауап бермейді;

5.4. Сервистің техникалық құралдарының жарамдылығы мен дамуын сүйемелдеу қажетінен туындаған, жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты Сервис жұмысында болатын толық немесе ішінара іркілістерге bro car жауап бермейді;

5.5. Серіктес көрсеткен қызметтер салдарынан Пайдаланушыға келтірілген тікелей залалдар, алынбай қалған пайда үшін bro car жауап бермейді;

5.6. Серіктестің Пайдаланушы алдындағы өз міндеттемелерін орындамағаны үшін bro car жауап бермейді.


6. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Тараптар осы офертаны орындауға байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді келіссөз арқылы шешеді.

6.2. Дауды келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаса, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.


7. Ерекше шарттар

8.1. Пайдаланушы осы редакциядағы оферта талаптарымен келісе отырып, мұндай келісім алу қажеттігі Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңында көзделген мақсаттар мен жағдайларда байланыс желілері бойынша таралатын Viber, WhatsApp, Telegram сияқты интернет-мессенджерлері арқылы осындай хабарламалар мен ақпаратты алуға келісім беруді қоса алғанда, ақпараттық хабарламалар, оның ішінде жаранамалық ақпарат алуға өз келісімін береді. Пайдаланушы bro car-ға сәйкес құлақтандыру жіберіп, жарнама сипатындағы хабарламалар алудан бас тарта алады.